Халықаралық «Мирас» мектебіндегі француз секциясы

Француз тілінде Францияның ұлттық білім беру нұсқаулықтарына сәйкес оқу бағдарламасы бойынша білім алғысы келетін және Францияның ұлттық дипломына (brevet and baccalaureate) емтихан тапсырғысы келетін үміт білдірушілер үшін француз секциясының (Францияның Білім беру министрлігімен аккредиттелген) есігі әрдайым ашық.

Француз секциясы 2011 жылдың қыркүйегінде ашылды . 2012 жылдың қаңтар айында Көлік министрі Тьери Маряни тұсауын кесті. 2011 жылдың шілде айында ірі француз компанияларының (Total, Airbus, Alstom) қаржылай қолдауымен Француз зиялылар миссиясы және Н.Назарбаевтың білім беру қорының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазіргі таңда француз секциясы 4 мұғалім және 27 студенттен (3 жастық деңгей) тұрады:

  • Балабақша: 3–5 жас
  • Бастауыш мектеп (1–4 классы): 6 — 10 жас
  • Негізгі мектеп (5- 11- сыныптар): 11- 17 жас.

Француз секциясы туралы толық ақпарат алу үшін Француз секциясының үйлестірушісі, месье Пьер Калленске (direction.astana.miras@mlfmonde.org, тел. +7 707 942 04 15) немесе негізгі мектептің хатшысы / балаларды қабылдау үйлестірушісі Меруерт Нұрсейітоваға (info@miras-astana.kz, +7 7172 36 98 67) хабарласуыңызды сұраймыз.

Ақпарат дереккөзі: http://www.miras-astana.kz