«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды:

10.04.2018

Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 балабақша-бастауыш мектеп» кешені» КММ директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Өндіріс т.а., Қамысты көшесі, 7 үй), Астана қаласы Білім басқармасының «Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп» ММ директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын алабы, Дулат Бабатайұлы көшесі, 24 үй), Астана қаласы Білім басқармасының «№ 54 мектеп-лицей» ММ директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Иманбаев көшесі, 4 үй), Астана қаласы әкімдігінің «№ 64 мектеп-лицей» КММ директоры (мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Ғабит Мүсірепов көшесі, 15 үй) лауазымына бос орнына конкурс жариялайды (лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 92 201теңгеден 111 845-ке дейін).   

Лауазымдық міндеттері:Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесеолардыалмастырушыадамдармен) байланыстыжүзегеасырады. Мемлекеттікжәнебасқа да ұйымдардабілім беру ұйымыныңатынанөкілдікетеді, қажеттіесепқұжаттарындайындау мен ұсынудықамтамасызетеді. Компьютерліксауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялыққұзіреттіліктімеңгерген.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін,  қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларыжәне ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012  жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және  Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі   № 173 бұйрығының 2-қосымшасы негізінде өткізіледі.

Білім беруді басқару органы хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

            1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

            2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

            4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

            5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

            6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

            7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі  (бар болса);

            8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

            9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама;

            10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

            Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

            1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

            2) мектептің Қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

            3) қалалық білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;

            4) білім беруді басқару органының Конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, сондай-ақ педагогика, психология негіздері бойынша тестілеуден және әңгімелесу өтеді.

Тестілеуден өту кезінде кандидатқа жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған 90 сұрақ ұсынылады. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей 50%-ды құрайды.

Шекті деңгейді жинамаған кандидаттар Комиссияның шешімі бойынша комиссия отырысына әңгімелесуге жіберілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012  жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурстың өткізілу орны Астана қаласының Білім басқармасы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 010000, Астана қаласы,  Бейбітшілік көшесі, 11-үй, Астана қаласы Білім басқармасы, 708-кабинет. Анықтама телефондары: 55 68 55, 55 68 57, 55 68 56.