«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына бос және уақытша бос орындарға орналасуға Білім басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

24.04.2017

    Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санаты үшiн: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

D-О-4 санаты үшiн: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы. *

    Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы                 

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты

 лауазымдық жалақысы

 

 

min

max

D-О-3

97375

114032

D-О-4

64063

86485

«Астана қаласы Білім басқармасы» MM (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, кабинет №723, анықтама телефоны: 8 (7172) 55-68-55; 55-68-57; электрондық пошта: bilim.astana.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымы бос және уақытша бос орындарға орналасуға конкурс жариялайды.

1. Жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы «D-0-3» санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Мектептердегі оқу жоспары мен бағдарламаларды, білім беру мен тәрбие жұмысының мемлекеттік стандарттарының орындалуын  бақылау. Мектепте оқыту мен тәрбие жұмысын қамтамасыз ету. Мектеп оқуы мен тәррбиесін қамтамасыз ету. Дарынды балалардың жалпы білім алуын қамтамасыз ету. Статистикалық есептерді жинау және қала мектептерінің оқушылыр қозғалысы мен үлгерімін жинақтап есептеу. «Алтын белгі» аттестаты үміткер- оқушыларымен және негізгі мектепті бітіру туралы үздік куәлігін беру жұмыстарын ұйымдастыру. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға қатысуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, 9 сыныптарда аралық бақылауды  қадағалау және ұйымдастыру, PIZA , PIRLS, TIMS мониторингілік талдау жүргізу. Жалпы орта білім беру жүйесі жағдайының мониторингін қамтамасыз ету. «Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Астананың білім  жүйесін дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі арасындағы 2015-2017 жылдар арналған меморандумы», «2016-2020 жылдар аралығында Астана қаласы аймағының даму бағдарламасы» бойынша мониторингтері мен жедел есептерін құру. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының іске асырылуына, білім беру ұйымдарында іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бақылауды жүзеге асыру. Қала мектептері түлектеріне кәсіптік бағдар беруге бағытталған жұмысты ұйымдастыру, түлектерді жұмыспен қамтамасыздығын бақылау. Қатаң бақылаудағы құжаттарды беру, экстернаттық форманы бақылауды жүзеге асыру. Білім беру саласында халықаралық серіктестік мәселесі. Бөлім жоспарының орындалуына басшылық етіп, оны бақылау. Шағымдарды, азаматтардың жеке сұрақтары бойынша өтініштерін қарастыру және жетекші ететін сұрақтар бойынша жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындау. Бөлім жұмысына жетекшілік ету және бақылау жасау. Оқушыларды тасымалдауын ұйымдастыруын қадағалау. Мемлекеттік жеке серіктестіктің дамуына көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім саласындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.

2. Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы «D-0-3» санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, зиянды әдеттердің алдын алу жөніндегі республикалық бағдарламалардың орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын тәрбиелеудің кешенді бағдарламасын іске асыру. Мектептен тыс ұйымдар, аула клубтары  жұмыстарына бақылау жасау. Негізгі міндеттердің дер кезінде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім алуын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру жөнінде жұмыс жоспарын жасау, басқармаға қарасты білім ұйымдарынан есептер қабылдау, ҚР Білім және ғылым министрлігіне есеп тапсыру. Ұйымдастыру-шығармашылық іс-шараларын (мерекелер, концерттер), көрмелер, жәрмеңкелер, ғылыми-ағарту іс-шараларын, республикалық жарыстарды, конкурстарды өткізуді, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды бақылау. Мектептердің басшыларына, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі инспекторларына консультациялық және практикалық көмек көрсету. Қамқоршылық кеңестер жұмыстарын ұйымдастыру. Ата-аналар қоғамымен жұмыс. Білім ұйымдарының оқушылармен сыныптан және мектептен тыс жұмыстары жөніндегі іс-әрекетін ұйымдастыру.Жол жүру ережесін алдын-алуды бойынша жұмысты қадағалау. Мемлекеттік жеке серіктестіктің дамуына көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім саласындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.

3. Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2017 жылдың 05 қарашаға дейін) «D-О-4» санаты, 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті аясында Министрліктердің, Басқармалардың, сыртқы ұйымдар қызметкерлерімен байланыс жасайды. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзіне жүктелген қызметті орындауға қажетті ақпаратты Басқарманың ведомствалық ұйымдарынан белгіленген тәртіппен сұрайды және толық көлемде алады. Бөлім қызметі саласына жататын мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, семинарлар жұмысына қатысады. Желі, штаттар бойынша сандық көрсеткіштерді қабылдау. Қосымша білім беру ұйымдарынан, интернат мекемелерінен, балалар үйінен, кәсіптік-техникалық білім ұйымдарынан, және ақпараттандыру орталығынан, 12 жылдық білім беруді қолдау және ағылшын тілі орталығынан, оңалту орталықтарынан, дарынды балаларға арналған мекемелерден, (ПМПК) психологиялық- медициналық – педагогикалық- консультация. Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығынан, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығынан міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына есептеулер қабылдау және тексеру.

Білім басқармасы бойынша бюджетті қаржыландыру жоспарын қалыптастыру. Бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдер қабылдау, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жинақтау. Тарифтеу мен есептеулер қабылдау және тексеру. Білім басқармасы бойынша жиынтық тарифтеу жасау.  Кредиторлық берешектер мен салық туралы мәлімет ұсыну. Республикалық бюджет комиссиясының және қалалық мәслихат сессиясының бюджет комиссиясының қарауына материалдар дайындау. Қазынашылық органдарға анықтама жасау. Білім мекемелерінде бюджеттің орындалуын талдау. Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша есеп жасау және ҚР Білім және ғылым министрлігіне, Астана қаласының Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсыру. Республикалық бюджет комиссиясының және қалалық мәслихат сессиясының бюджет комиссиясының қарауына материалдар дайындау. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын қарау, бюджеттің орындалуы туралы желілер мен штаттар туралы есеп жасау. Стратегиялық жоспарға, бюджетті нақтылау (түзету) кезінде республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша келісімге өзгеріс енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың        2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын, Аймақты дамыту бағдарламасын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:1) өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 7 қабат, 723 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Үміткерлермен әңгімелесу шақырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.