«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға Білім басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

26.06.2017

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-3 санаты үшiн: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты

лауазымдық жалақысы

 

 

min

max

D-О-3

97375

114032

 

«Астана қаласы Білім басқармасы» MM (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, кабинет №723, анықтама телефоны: 8 (7172) 55-68-55; 55-68-57; электрондық пошта: bilim.astana.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымы бос және уақытша бос орындарға орналасуға конкурс жариялайды.

 

1. Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту-өзін-өзі тану бөлімінің басшысы, D-0-3 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметін жалпы басшылыққа алады, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін айқындайды, бөлім құзыретіне кіретін міндеттердің тиісті орындалуына дербес жауапты болады. Ведомствоаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді және адамгершілік –рухани білім беру саласында әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Кәмелетке толмағандар арасында суицидті және аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу бойынша жұмысты жүзеге асырады.Қаладағы балалардың мүдделерін білдіретін балалар бастамасы мен жобаларын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.Мүдделі ведомстволармен бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізеді. Қала жастары арасында волонтерлық қозғалысты ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді, оқушылар мен жастар арасында адамгершілік-руханилықты дамыту мәселелері бойынша турнирлер, дебаттар, семинарлар, конференциялар ұйымдастырады және өткізеді. «Өзін-өзі тану» пәнінің іске асырылу мәселесіне жетекшілік етеді, сондай-ақ қосымша және кәсіптік білім берудің мектепке дейінгі, жалпы білім беру мектептері мен мекемелерінде адамгершілік-рухани тәрбиелеудің жай-күйін зерделейді және талдайды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық-насихаттық сүйемелдеу бойынша басқарма жоспарын іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Балалар құқығын қорғау, балалардың адамгершілік-рухани тәрбиеленуі және қоғамды дамыту аясында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру және ағартушылық жұмысты жүргізуге қатысады. «Бөбекте» әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалардың демалысын ұйымдастыру және «Бөбек» қоры бойынша балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шәкіртақының төленуі бойынша жұмысты үйлестіреді. «Балаға мейірімді қала» аймақтық бағдарламасының жүзеге асырылуын қадағалайды. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма бөлімдерімен, мемлекеттік органдар және ведомстволармен, қалалық құрылымдармен, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте бөлім жұмысы жоспарының дайындалуы мен біріктірілуін қамтамасыз етеді, оның орындалуын бақылайды. Бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті шаралар қабылдайды, ұйымдар мен азаматтардың өтініштерін, арыздары мен ұсыныстарын қарайды. Басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы жоғары білім

 

2.Мониторинг және талдау бөлімінің басшысы «D-0-3» санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, әкімдіктің хаттамалық тапсырмаларын уақтылы орындауға жауапкершілік. Астана қаласы Әкімінің есептік кездесуіне қажетті және ақпараттық статистикалық материалдарды уақтылы ұсыну. Бөлімнің жұмысын басшылық ету және бақылауды жүзеге асыру. Білім беру жүйесінің даму қарқыны және беталысын тиімді көрсететін, уақытылы ақпаратты жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастыруына басшылық ету. Басқарманың жылдық жоспарын жасау, оның орындалуын бақылау. Гендерлік тендік және отбасы демографиялық саясатты жүзеге асыру бойынша жинақ ақпаратты ұсыну. Басқарманың ақпараттық, сараптамалық және инновациялық қызметін бақылауды. Басқарманың алқа мәжілісін жүргізуді жүзеге асырады.Білім беру жүйесінің даму жағдайына мониторинг жүргізу және құрылымын дайындау, статистикалық мәліметтерді өңдеу. Аппараттық кеңестің өтуін ұйымдастыру.Астана қаласы Білім жүйесінің мәлімет базасын қалыптастыру. Құжат айналымының уақытылы және сапалы орындау. Астана қаласы Білім беру жүйесінің мемлекеттік талдау статистикалық есебі, өңдеу, құру жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) салаларындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 7 қабат, 723 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде

конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 1-қосымшасы

 

Нысан

      __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

      Мені______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

      қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

 

  "___"_______________ 20 __ ж.