«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос және уақытшабос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

17.08.2017

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы, «D-0-3» санаты (1 бірлік). Жалақы: 97375-114032 тн.

Функционалдық міндеттері:Өз құзыреттілігі шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу. Астана қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жағдайы туралы статистикалық есептерді жинап, талдау жұмысын жүзеге асыру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметінің бағыттары бойынша мониторинг жасап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне статистикалық және басқа ақпаратты ұсыну. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есебін жүргізу (білім беру қызметінде лицензияны қажет етпейтін түрлері үшін) және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бойынша мәліметтер қорын құру. Мектепке дейінгі әртүрлі типтегі ұйымдарға балаларды жасақтау жүргізу. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда инновациялық бағдарламалардың және тәжірибелік алаңдардың, озат педагогикалық тәжірибелер мен ғылымның жетістіктерін пайдаланужұмыстарын үйлестіру. Өз құзіреттілігі шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселесі бойынша қалалық семинар-кеңестер,семинар-практикумдар, ғылыми-әдістемелік конференциялар ұйымдастыру, республикалық және халықаралық конкурстарды дайындап, өткізуге қатысу. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында озық тәжірибені зерделеу мен таратуды ұйымдастыру, тәжірибелік алаңдардыңжұмысын үйлестіру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім тапсырысын бекітеді.Мемлекеттік жеке серіктестіктің дамуына көмек көрсету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:Білім саласындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Мынадай құзыреттердің бар болуы:Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Персоналды басқару қызметінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2020 жылдың 12 мамырына дейін), «D-0-4» санаты (1 бірлік).   Жалақы: 83282-112430 тн.

Функционалдық міндеттері:Марапаттау құжаттарын дайындау. Қала әкімінің және әкімнің орынбасары атынан алғыс хаттар және құттықтаулар жобасын әзірлеу және Басқарма басшысының атынан алғыс хаттар және құттықтаулар беру жөніндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды жүргізу. Басқармаға қарасты білім ұйымдарында педагог қызметкерлерінің бос лауазымдарына мониторинг жүргізу. Әскери міндеттілерді есепке алу және брондау жұмысын ұйымдастыру.Орта жалпы білім беру, мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру мекемелері, колледж педагогтарының аттестациядан өткізілуі бойынша жұмысты ұйымдастыру; Бөлім жұмысының жоспарын құру.

Орта жалпы білім беру, мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру мекемелері, колледж кадрлары бойынша есеп-қисап дайындау. Орта жалпы білім беру, мектептен тыс білім беру мекемелері, колледж басшылары орынбасарының аттестациядан өтуін ұйымдастыру. Басқарма қызметкерлерінің және мемлекеттік орган құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолданыстағы заңнаманы бұзуы бойынша тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: Білім, құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) салаларындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 7 қабат, 723 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде

конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, жоғарыда  көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.