«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бос лауазымға конкурс жариялайды:

7.09.2017

Астана қаласы Білім басқармасының мұрағатшысы (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 11) – 1 бірлік бос орнына ашық конкурс жариялайды (лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 29 023 теңгеден 36 456 теңгеге дейін).

Лауазымдық міндеттері: Кәсіпорында мұрағат ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Мұрағатқа келіп түсетін құжаттарды сақтауды және сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келген, іс жүргізумен аяқталған құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Іс номенклатураларын әзірлеуге қатысады, олардың мұрағатқа тапсыру кезінде қалыптасуының және ресімделуінің дұрыстығын тексереді. Қолданылып жүрген ережелерге сәйкес сақтау бірліктеріне шифр береді, істерді жүйелендіреді және орналастырады, олардың есебін жүргізеді. Тұрақты және уақытша сақтау мерзім бірліктерінің тізімдеме жинағын, сонымен қатар құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру, сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығару мен жою үшін актілерін даярлайды. Құжаттар бойынша анықтама аппаратын құру бойынша жұмысты жүргізеді, олардың ыңғайлы және тез іздестіруін қамтамасыз етеді. Мұрағаттық құжаттардың ғылыми және тәжірибелік құндылығының сараптамасы бойынша жұмысқа қатысады. Құжаттардың жайын, олардың қалпына келтірілуінің уақтылығын, мұрағат жайларында олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайдың болуын қадағалайды. Мұрағат жайларында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылайды. Келіп түскен сұрауларға сәйкес мұрағаттық көшірмелерді және құжаттарды береді, мұрағат құжаттарында бар мағлұматтардың негізінде қажетті анықтамалар жасайды, мұрағат жұмысы туралы есептілікті даярлау үшін мәліметтерді әзірлейді. Жұмыста қазіргі уақытқа сай техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, ұйымда мұрағат істерін жүргізу бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдары, құжаттарды мұрағатқа қабылдау және тапсыру, оларды сақтау және пайдалану тәртібі, іс жүргізу жүйесі, құжаттарды тұрақты және уақытша сақтау сипаттамалары және құжаттарды жою туралы актілерді жасау тәртібі, істерді ресімдеу және оларды сақтау мен пайдалануға дайындау тәртібі, есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібі, кәсіпорын құрылымы, еңбекті ұйымдастыру негіздері, техникалық құралдарды пайдалану ережелері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі талаптары.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды. 

      Конкурс Қазақстан Республикасының Білім Заңы және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген, Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты   әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш

  • кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы

  • еркін түрде баяндалған өмірбаян

  • нотариат арқылы куәландырылған жеке куәлігі, білім туралы құжаты және еңбек кітапшасының көшірмелері

  • медициналық тексерістен өту туралы құжат

  • 3х4 көлемдегі екі фотосурет

  • бұрынғы жұмыс орнынан жарияланған жазалары мен ынталандыруы көрсетілген мінездеме

  • сотталмағандығы туралы анықтама.

Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпараттарды (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми басылымдар және т.б.) тапсыра алады.

Конкурс құжаттарын қабылдау конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн бойы жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, Астана қаласы Білім басқармасы, 717-кабинет. Анықтама телефондары: 55 68 55, 55 68 57, 55 68 56.