«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшы лауазымына конкурс жариялайды:

14.12.2017

1. Астана қаласы әкімдігінің «№ 5 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 23/1 ғимарат) басшысы лауазымына –  1 бірлік (лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 94 856 теңгеден 111 845-ке дейін).

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі - ППТК) жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Арнайы мекеменің түрін, оқыту мен тәрбиелеу нысанын талқылау және анықтау кезінде консультация берудің алқалық жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты басқарады, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, ПМПК, ППТК-ны арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі арқылы тұрғындар арасында семинарлардағы, педагогтарды даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарындағы педагог қызметкерлердің, медициналық және басқа да қызметкерлердің арасында дефектологиялық білімді тарату жұмыстарын; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, балалардың ауытқушылық дамуының алдын алу мәселелері бойынша сақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады. Балаларды тексеруден өткізудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді. Ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдерін дамыту, өмірлері мен денсаулықтары үшін қауіпсіздік жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру шараларын қабылдайды. Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. ПМПК, ППТК-ның мүдделерін барлық органдарда қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Қажетті есепті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалары, қаржылық-шаруашылық қызметін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: "Дефектология", "Психология" мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім "Арнаулы педагогика" немесе қосымша мамандандырумен "Арнаулы психология" мамандықтары бойынша қосымша білімімен қоса медициналық білім және арнайы білім немесе денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі. 

 Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады: 

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады.

Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпараттарды (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми басылымдар және т.б.) тапсыра алады.
  Конкурс құжаттарын қабылдау конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн бойы жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 010000, Астана қаласы,  Бейбітшілік көшесі, 11-үй, Астана қаласы Білім басқармасы, 717-кабинет. Анықтама телефондары: 55 68 55, 55 68 57, 55 68 56.