«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарына конкурс жариялайды

18.01.2018

Астана қаласы әкімдігінің № 12 «Қарлығаш» МКҚК балабақша меңгерушісі (мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Егемен Қазақстан газеті көшесі, 10),  Астана қаласы әкімдігінің № 73 «Аяулым» МКҚК балабақша меңгерушісі (мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы, Дауылпаз көшесі, 1),  Астана қаласы әкімдігінің № 93 «Айгөлек» МКҚК балабақша меңгерушісі (мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, К.Әзірбаев көшесі, 12/1) лауазымдарының бос орнына ашық конкурс жариялайды (лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты - 85 468 теңгеден 99 988-ке дейін).

Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін,  қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы    13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген, Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы негізінде өткізіледі.

 Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) еркін түрде баяндалған өмірбаян;

7) түйіндеме;

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады.

Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпараттарды (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми басылымдар және т.б.) тапсыра алады.
            Конкурс құжаттарын қабылдау конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн бойы жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 010000, Астана қаласы,  Бейбітшілік көшесі, 11-үй, Астана қаласы Білім басқармасы, 717-кабинет. Анықтама телефондары: 55 68 55, 55 68 57, 55 68 56.