Пресс-релиз: «Үздік мұғалім – 2017» қалалық Байқауы

18.04.2017

2017 жылдың 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Үздік мұғалім 2017»  қалалық Байқауы өтеді.

 Қалалық  Байқауы үш  кезеңнен тұрады:

І-кезең - мектепішілік.

Мектепішілік кезең 2017 жылдың 24 сәуіріне дейін өтеді.   ІІ кезеңге қатысуға сұраныс пен  портфолионы мұғалімдер 2017 жылы 24 сәуірден қалдырмай тапсыруы тиіс.

ІІ-кезең - қалалық сырттай  екі турдан тұрады:

1 тур. 

25-29 сәуір мұғалімнің портфолисы бағалау критерине сәйкес ІІІ кезеңге өтеді. Келесі кезеңге өту үшін мұғалімдердің портфолиосы критерий бойынша  іріктелгеннен кейін Білім басқармасының сайтына шығады.

        2 тур.

3-6 мамыр педагогтың  видеосабақ  материалдары қаралады.

Сабақ және мұғалімнің  сабаққа жасаған сараптамасы ақпарттық тасымалдау (компакт-диск) ретінде 2017 жылы 3 мамыр Білім басқармасы №711 кабинетке әкелінеді.

ІІІ - кезең - қалалық іштей кезең 2017 жылы 19 мамырда өтеді.    

Іштей кезеңге  сырттай  турдан сәтті өткен конкурсанттар қатыса алады. 

Байқау тапсырмаларын бағалаудың нәтижесі бойынша әділқазылар алқасы жеңімпазды  (Бас жүлде),  жүлдегерлерді (1,2,3 орын) және номинация бойынша «Жаңашыл-мұғалім», «Зерттеуші-мұғалім», «Эрудит-мұғалім», «Әдіскер-мұғалім» лауреаттарды анықтайды. 

Жеңімпаз, жүлдегерлер, лауреаттар мақтау қағазы мен біржолғы ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Байқаудың нәтижелері Білім басқармасының сайтында жарық көреді.

Қалалық  кезеңнің жеңімпазы, жүлдегерлері және лауреаттары 2017 жылы тамыз-қыркүйек айларында өтетін «Үздік педагог -  2017» байқауының Республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.