«АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ, 010000, АСТАНА ҚАЛАСЫ, БЕЙБІТШІЛІК КӨШЕСІ, 11, 722 КАБИНЕТ АНЫҚТАМА ҮШІН ТЕЛЕФОН: 8 (7172) 55-68-55, 55-68-57, BILIM.ASTANA.KZ «Б» КОРПУСЫ БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОР

17.08.2016

«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 722 кабинет анықтама үшін телефон: 8 (7172) 55-68-55, 55-68-57, bilim.astana.kz «Б» корпусы бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне)«D-O-3» санаты,1 бірлік.Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін. Негізгі функционалдық міндеттері:Тапсырыс берушімен өткізілетін мемлекеттік сатып алулар үдерісін үйлестіру және мониторинг жасау, индикативті жоспар-болжамдарды әзірлеуге қатысу, орындалуын үйлестіру, білім басқармасының экономикалық даму негізгі бағыттарының мониторингін жүзеге асыру. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару),құқық(құқықтану,құқық қорғау қызметі)салаларындағы жоғары білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы. 2.Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту-өзін-өзі тану бөлімінің басшысы,«D-O-3» санаты, 1 бірлік.Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін. Негізгі функционалдық міндеттері:Бөлім қызметін жалпы басшылыққа алады, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін айқындайды, бөлім құзыретіне кіретін міндеттердің тиісті орындалуына дербес жауапты болады. Ведомствоаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді және адамгершілік –рухани білім беру саласында әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Кәмелетке толмағандар арасында суицидті және аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Қаладағы балалардың мүдделерін білдіретін балалар бастамасы мен жобаларын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.Мүдделі ведомстволармен бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізеді. Қала жастары арасында волонтерлық қозғалысты ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді, оқушылар мен жастар арасында адамгершілік-руханилықты дамыту мәселелері бойынша турнирлер, дебаттар, семинарлар, конференциялар ұйымдастырады және өткізеді. «Өзін-өзі тану» пәнінің іске асырылу мәселесіне жетекшілік етеді, сондай-ақ қосымша және кәсіптік білім берудің мектепке дейінгі, жалпы білім беру мектептері мен мекемелерінде адамгершілік-рухани тәрбиелеудің жай-күйін зерделейді және талдайды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық-насихаттық сүйемелдеу бойынша басқарма жоспарын іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Балалар құқығын қорғау, балалардың адамгершілік-рухани тәрбиеленуі және қоғамды дамыту аясында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру және ағартушылық жұмысты жүргізуге қатысады. «Бөбекте» әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалардың демалысын ұйымдастыру және «Бөбек» қоры бойынша балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шәкіртақының төленуі бойынша жұмысты үйлестіреді. «Балаға мейірімді қала» аймақтық бағдарламасының жүзеге асырылуын қадағалайды. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма бөлімдерімен, мемлекеттік органдар және ведомстволармен, қалалық құрылымдармен, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте бөлім жұмысы жоспарының дайындалуы мен біріктірілуін қамтамасыз етеді, оның орындалуын бақылайды.Бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті шаралар қабылдайды, ұйымдар мен азаматтардың өтініштерін, арыздары мен ұсыныстарын қарайды. Басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:«Білім», құқық (құқықтану,құқық қорғау қызметі) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы жоғары білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 7 қабат, 722 кабинет) қабылданады. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшіліккөшесі, 11, 7 қабат, 722 кабинет) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер тестілеуден Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді. «D-O-3» cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.