«Астана қаласы Білім басқармасы» MM (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, кабинет №723, анықтама телефоны: 8 (7172) 55-68-55; 55-68-57; электрондық пошта: bilim.astana.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымның бос орнына орналасуға жалпы конкурс жари

24.10.2016

Жалпы орта білім беру бөлімінің жетекші маманы, D-O-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне 2019 жылдың 07 маусымына дейін)

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 61408 теңгеден 63422 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер мен сыныптардағы мемлекеттік бағдарлама мен оқу жоспарларының, мемлекеттік білім беру стандартының орындалуын бақылау және 12 жылдық білім беруге көшу жұмыстарына бақылау, басшылық жасау. 9-11 сынып  түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, қала мектептері түлектеріне кәсіптік бағдар беруге бағытталған жұмысты ұйымдастыру. Білім беру ұйымдарына шетел азаматтарын, мигрант балаларын және оралмандарды қабылдау және олардың үлгерімін қадағалауды жүзеге асыру. «Алтын белгі» аттестаты үміткер- оқушыларымен және негізгі мектепті бітіру туралы үздік куәлігін беру жұмыстарын ұйымдастыру. Білім алушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету. 9 сыныптарда аралық бақылауды өткізуді ұйымдастыруына бақылау жүргізу, PIZA , PIRLS, TIMS мониторингілік талдау жүргізу. Жетекшілік ететін мәселері бойынша ақпараттар, есептер құру, жиналыс өткізу, алқаға, тамыз кеңесіне құжаттар дайындау. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептілік.Жетекшілік ететін мәселері бойынша арыз-шағымдарды қарастыру және жоғары тұрған ұйымдарға  ақпарат дайындау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Білім саласындағы жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;  6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не            «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру "Астана қаласы Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет icтepi министрлігі Астана қаласы бойынша департаментінің интернет-ресурсында соңғы жарияланған күннен бастап  7 жұмыс күні ішінде "Астана қаласы Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 11 үй,  № 723 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1  жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

 Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 1 жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап  3 жұмыс күн ішінде "Астана қаласы Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 11үй) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

D-O-5 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңнын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

D-O-5 cанаты үшін жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бастамашылық  (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестерден тұрады.