«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына бос және уақытша бос орындарға орналасуға Білім басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

11.10.2016

              Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санаты үшiн: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

D-О-4 санаты үшiн: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

    Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы                 

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты

 лауазымдық жалақысы

 

 

min

max

D-О-3

97375

114032

D-О-4

64063

86485

«Астана қаласы Білім басқармасы» MM (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, кабинет №723, анықтама телефоны: 8 (7172) 55-68-55; 55-68-57; электрондық пошта: bilim.astana.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымы бос орынға орналасуға конкурс жариялайды.

1. Мониторинг және талдау бөлімінің басшысы «D-0-3» санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, әкімдіктің хаттамалық тапсырмаларын уақтылы орындауға жауапкершілік. Астана қаласы Әкімінің есептік кездесуіне қажетті және ақпараттық статистикалық материалдарды уақтылы ұсыну. Бөлімнің жұмысын басшылық ету және бақылауды жүзеге асыру. Білім беру жүйесінің даму қарқыны және беталысын тиімді көрсететін, уақытылы ақпаратты жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастыруына басшылық ету. Басқарманың жылдық жоспарын жасау, оның орындалуын бақылау. Гендерлік тендік және отбасы демографиялық саясатты жүзеге асыру бойынша жинақ ақпаратты ұсыну. Басқарманың ақпараттық, сараптамалық және инновациялық қызметін бақылауды. Басқарманың алқа мәжілісін жүргізуді жүзеге асырады.Білім беру жүйесінің даму жағдайына мониторинг жүргізу және құрылымын дайындау, статистикалық мәліметтерді өңдеу. Аппараттық кеңестің өтуін ұйымдастыру.Астана қаласы Білім жүйесінің мәлімет базасын қалыптастыру. Құжат айналымының уақытылы және сапалы орындау. Астана қаласы Білім беру жүйесінің мемлекеттік талдау статистикалық есебі, өңдеу, құру жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) салаларындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.

2. Қамқорлық, қорғаншылық және балаларды қолдау бөлімінің бас маманы «D-О-4» санаты, 1 бірлік. (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне 2019 жылдың 13 сәуіріне дейін)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды патронат тәрбиеге отбасына табыстау тәртібін қамтамасыз етеді. Патронаттық тәрбие бойынша жұмысты ұйымдастырады. Патронаттағы балалардың деректер банкін құрайды, стандартқа сәйкес құжаттарды қабылдауды және патронаттық тәрбиеге келісім-шарттарды дайындайды. Патронаттық отбасыларын бақылауды, сонымен қатар, патронаттық тәрбиешілерге жетім балаларды асырауға жәрдемақы тағайындауды (алуды) жүргізеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың Бірыңғай Ұлттық деректер базасын жүргізеді. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотқа, қалалық сотқа балалармен кездесу тәртібі, олардың мекенжайын анықтау мәселелері бойынша  қатысу, тұрғын үй тұрмыс жағдайын тексеру актілерін жүргізеді. Кездесу тәртібі мәселесі бойынша қамқоршылық кеңесін ұйымдастырады. Патронаттағы балалар туралы деректер қорын жасайды, патронаттық  тәрбиеге құжаттарды қабылдау және шарт дайындауды жүзеге асырады. Патронаттық отбасыларындағы жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде білім алатын, мектепке дейінгі жастағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысын үйлестіреді. Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны алуды қадағалайды. Патронаттық отбасыларындағы балалардың тіршілік жағдайын, білім алуларын және денсаулықтарын бақылауды жетілдіру және жүзеге асыру жөнінде ұсыныс енгізеді. Сараптама, мониторинг, жинақтау есептерін жинауды қамтамасыз етеді. Ауыр өмірлік жағдайда қалған балаларды ата-анасынан алуға қатысады. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды. Жетекшілік ететін мәселелер жөнінде өтініштер, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды. Басқарма басшыларының және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) салаларындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:1) өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 7 қабат, 723 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Үміткерлермен әңгімелесу шақырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.