ҰБТ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

18.08.2016

2004 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі мектеп түлектерінің білімін бағалаудың Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) атты жаңа ерекше жүйесін енгізді. Бұл жүйенің артықшылығы оған мектептегі бітіру емтиханы мен ЖОО - на түсу емтиханы кіреді. Осылайша, 11 - сынып түлегіне ЖОО - на түсу үшін бұрынғы технология бойынша екі рет билеттермен емтихандарға дайындалудың, шығарма жазудың қажеті жоқ. Түлек бір рет қана тест тапсырады, соның нәтижелеріне байланысты таңдаған ЖОО - на грантқа немесе ақылы негізде оқуға түсе алады. Сондай - ақ, ҰБТ нәтижелеріне қорытынды аттестаттың бағалары да тәуелді. Сонымен қатар оқушы ҰБТ - да қандай баға алса да, тіпті ЖОО - на түсу балынан кем алса да, ол мектепті аттестатпен бітіреді де, әрі қарай мысалы, колледжге бара алады. Осылайша "ҰБТ"- дан құлау мүмкін емес. Өту балы жыл сайын ауысады. Тестілеу тегін өткізіледі. ҰБТ өткізуге 3,5 сағат, яғни 210 минут беріледі, оның ішінен 3 сағаты жауап беруге және 30 минуты арнайы жауап бланкілерін толтыруға беріледі. ҰБТ кезінде жабық тестілер қолоданылады. Әрбір сұрақтың 5 жауап нұсқасы болады, оның ішінде тек біреуі ғана дұрыс болады. Бес нұсқаның әрбірі латын әліпбиінің бас әріптерімен A, B, C, D, E белгіленген. Дұрыс жауапты арнайы жауап бланкісінде пәнге, рет нөміріне және дұрыс жауап әрібіне сәйкес келетін дөңгелекті бояу арқылы белгілеу қажет. Тестілеуден өту кезінде оқушы мектеп бағдарламасы бойынша 5 пәннен 125 сұрақтан тұратын тест тапсырады, оның төртеуі барлық түлектер үшін міндетті және бесіншісі бейінді пән деп аталады және ЖОО - на түсу кезінде болашақ мамандықты таңдауға әсер етеді. Яғни, қосымша пән ретінде физиканы таңдаған оқушы техникалық мамандыққа түсуі қажет. Арнайы немесе шығармашылық даярлықты қажет ететін мамандықты таңдаған түлектер үшін бесінші таңдау пәні - еркін. Мұндай түлектер ЖОО - на қабылданған кезде арнайы және шығармашылық емтихандар тапсырады. Тестілерді ҚР БҒМ Ұлттық Тестілеу Орталығы жыл сайын жалпы білім беру пәндерінің бағдарламалары негізінде құрастырады және оларға барлық мектеп курсы бойынша сұрақтар енеді. Әрбір пән бойынша сұрақ саны - 25. Міндетті пәндер - ана тілі және реми тіл (сәйкесінше орыс және қазақ тілдері), математика және Қазақстан тарихы. ҰБТ тапсыру тілі мектептегі оқу тіліне байланысты. Қазақстан Республикасында ұлттық тіл қазақ тілі, алайда орыс тілі халықаралық қатынас тілі мәртебесіне ие. Түлектер тестілеуден өту үшін екі тілді де білулері қажет. Бірақ, білім беру гранттарының конкурсы кезінде тек ана тілінің нәтижелері есепке алынады. Білім беру гранттары - таңдалған мамандық бойынша Қазақстанның кез келген ЖОО - да толығымен тегін оқу. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу Қазақстан бойынша 6 - 10 күн аралығында өткізіледі. Жыл сайын ҚР БҒМ нақты мерзімдерді анықтайды. ҰБТ арнайы Тестілеуден өту Орталықтарында (әдетте ірі ЖОО - лар, мектептер) өткізіледі. ҰБТ басталуға бірнеше ай қалғанда оқушылар арнайы коды бар рұқсат қағаздарын алады, ол кодта: оқушының ТАӘ, мектебі, Тестілеу Орталығының коды, аудиториясы және аудиториядағы орны туралы ақпарат шифрленген. ҰБТ уақытында ұялы телефондарды, калькуляторларды, түрлі анықтамалықтар мен оқу әдістемелік кешендерін қолдануға болмайды. Бесінші пән ретінде химия пәнін таңдаған түлектерге Менделеев кестесін алуға рұқсат етіледі. Қалам, сағат, суы бар бөтелке алуға рұқсат етіледі. ҰБТ нәтижелері тестілеу өткізілген күні белгілі болады. Тестілеу нәтижелерімен келіспейтін түлектер аппеляциялық комиссияға жүгінуге құқылы, аппеляциялық комиссия тест тапсырушылардан өтініштерді қабылдап, қарастырады. ҰБТ өткізілетін орындарда құрылған апелляциялық комиссия Республикалық аппеляциялық комиссияға өтініш берушіге балл қосу туралы ұсыныс тастайды және оған аппеляция қорытындыларын жариялайды. Аппеляциялық комиссияға өтініш тестілеу қорытындылары жарияланғаннын кейінгі келесі күні сағат 13.00 - ге дейін қабылданады және 24 сағат ішінде қарастырылады. ҰБТ баллдары Президенттің "Болашақ" стипендиясын тағайындау кезінде де ескеріледі. Бір типті тест тапсырмалары, нәтижелерді бағалаудың бірыңғай шкаласы, компьютерлердің көмегімен нәтижелерді әділ тексер процедурасы түлектердің білімдері мен дағдыларын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушыларды психологиялық тестілеу де жүреді, ол балалардың болашақ ересек өмірі үшін де маңызды.