АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БОС БАСШЫЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

17.08.2016
  1. Астана қаласы Білім басқармасының № 3 балалар музыка мектебінің директоры лауазымына – 1 бірлік, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының директоры лауазымына – 1 бірлік (лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылдарына байланысты – 62 647 теңгеден 72 204 теңгеге дейін).

Лауазымдық міндеттері. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, ұйым жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қосымша білім беру ұйымына басшылық етеді. Мәдени-демалыс қызметі, дене тәрбиесі мен спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беру, коммуникативтік қызметтерді көрсету жұмыстары мен құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттестігін ұйымдастырады. Қазіргі заманғы басқару әдістері негізінде жұмысты болжамдайды және жоспарлайды. Шағын ауданды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасына бақылауды жүзеге асырады, білім беру үрдісі кезінде ұйымдағы білім алушылар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық етеді. Білім беру және тәрбие мәселелері жөніндегі жақын және алыс шетелдердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын айқындайды, қосымша білім беру ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады. Педагог қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Оқу материалдық базаның сақталуы мен толықтырылуына есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосымша қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады. Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын, басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының бейінін және оның ерекшеліктерін; жеткіншек және жасөспірім кезеңінің жас ерекшеліктерін; әртүрлі әлеуметтік ортадағы психологияны, әлеуметтануды және жұмыс ерекшеліктерін, жалпы және отбасылық педагогиканың негіздерін, экстремальды жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін ақыл-кеңес өткізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмыстарды ұйымдастыруды, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогика ғылымының және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызметтер туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары білім, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе басшылық лауазымдағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 849 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі» негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жергілікті газеттерде хабарландыру жарияланған күннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 722-кабинетке тапсырылуы тиіс. Анықтама телефондары: 55-68-55, 55-68-57.

  1. Астана қаласы әкімдігінің № 64 «Асыл бөбек» тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған балабақшасының меңгерушісі лауазымына – 1 бірлік, (лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылдарына байланысты – 51 498 теңгеден 59 285 теңгеге дейін).

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды. Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді. Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 849 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі» негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жергілікті газеттерде хабарландыру жарияланған күннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 722-кабинетке тапсырылуы тиіс. Анықтама телефондары: 55-68-55, 55-68-57.