Астана қаласының Білім басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, мұқият болуға шақырады.

29.01.2018

Соңғы уақытта балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғалардың саны көбеюде.

Осыған байланысты Астана қаласының Білім басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, мұқият болуға шақырады.

Білім беру мекемелерінің басшыларына балаларға жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы дәрістер мен түсіндіру жұмыстарын қайта жүргізу тапсырылды.

Құрметті ата-аналар!

Балаларды көшеге жібергенде, қауіпсіздік ережелерін, жолдарда әсіресе мұқият болу қажеттілігін еске салуыңызды сұраймыз, өйткені біздің балаларымыздың өмірі мен денсаулығынан қымбат ештеңе жоқ.