Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау

10.05.2018

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫ

Конкурсты ұйымдастырушы: «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 18 мамырға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті алушы не оның сенімді өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі құжаттар тізбесін ұсынады:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №397 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия төрағасының атына жазылған өтініш.

Жангозин Ануар Қанатұлы – комиссия төрағасы, «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ басшысы.

2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі.

3. Жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы (жекеменшік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (жедел  басқару) құжаттардың көшірмелері.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №397 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныс.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздерге байланысты бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған кезде;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты көрсетілетін қызметті алушыны арнайы құқығынан айыруға негіз болған сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда.

Конкурсқа қатысу үшін ұсыныстар конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне келесі мекен-жай бойынша тапсырылады: «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ, 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11, тел.: 556866, 556868,  каб.: 119, 708,  2018 жылғы «18» мамырдың сағат 16.00-ге дейін.

Қосымша 1

«Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Нысан

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының өтініші

(техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу  орнының бланкісінде толтырылады)

Конкурс ұйымдастырушыға

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптармен және конкурсты  өткізу шарттарымен танысып,

______________________________________________________________

______________________________________________________________

(оқу орнының атауы)

өтінімге кіретін құжаттарға сәйкес

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

(мамандықтардың коды, атауы)

мамандықтары бойынша Конкурс ұйымдастырушысы өткізетін конкурсқа қатысады.

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

 

Ұйым басшысы __________________________

(қолы, Т.А.Ә. бар болған жағдайда)

Толтырылған күні

М.О.

Қосымша 2

«Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

Нысан

20__ – 20__ оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыруға ұсыныстар

______________________________________________________________

(техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының атауы)

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бойынша

Код

Мамандық атауы

біліктілігі

орын саны

оның ішінде қазақ тілінде оқытатын

9-сынып базасында

11-сынып базасында

1

2

3

4

5

6

7

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Ұйым басшысы ___________________________

(қолы, Т.А.Ә.бар болған жағдайда)

Толтырылған күні

М.О.